Overview
Do you hear the word “marketing” on a daily basis, but aren’t sure what marketing really is or why your business needs it? Do you know that marketing is important to your company, product, or service, but aren’t sure where to start?
Cover the concepts and tools you need to successfully develop a marketing strategy for a business, product or service. Begin by understanding consumers and the main market research techniques, then learn how to correctly segment, target and position your product to achieve success. Continue by analyzing the four critical areas in marketing, the famous four Ps of Product, Price, Promotion and Place. Finally, get the backing your ideas deserve and communicate the actions through a Marketing Plan.
In the final capstone project you will develop a Marketing Plan for a product or service.
Syllabus
Course 1: Нарықты зерттеу және тұтынушы мінез-құлқы
- Offered by IE Business School. Меркетинг бойынша ізденісіңіз осы жерден басталады! Бұл мамандықтың бірінші курсы жалпы маркетинг ... Enroll for free.
Course 2: Орналастыру және сәтті маркетингтік жоспарлау
- Offered by IE Business School. Орналастыру – кез келген маркетингтік стратегияның жүрегі, дұрыс орындалуы керек өзегі. Сіз нақты анықталған ... Enroll for free.
Course 3: Маркетинг-микс негіздері
- Offered by IE Business School. Маркетиинг микс негіздері өніміңізді нарыққа шығарудың ең маңызды кезеңіне дайындайды – оны қалай және қандай ... Enroll for free.
Course 4: Маркетинг жоспары
- Offered by IE Business School. Өз өніміңіз немесе қызметіңіз туралы идеяңызға маркетинг жоспарын құрыңыз. Бұл курста кез келген бизнес үшін ... Enroll for free.
Course 5: Маркетинг стратегиясы бойынша қорытынды жоба
- Offered by IE Business School. Курстық жұмыс жобасын орындау үшін осы мамандық аясында алған білімдеріңізді пайдаланып, оны тәжірибе жүзінде ... Enroll for free.
- Offered by IE Business School. Меркетинг бойынша ізденісіңіз осы жерден басталады! Бұл мамандықтың бірінші курсы жалпы маркетинг ... Enroll for free.
Course 2: Орналастыру және сәтті маркетингтік жоспарлау
- Offered by IE Business School. Орналастыру – кез келген маркетингтік стратегияның жүрегі, дұрыс орындалуы керек өзегі. Сіз нақты анықталған ... Enroll for free.
Course 3: Маркетинг-микс негіздері
- Offered by IE Business School. Маркетиинг микс негіздері өніміңізді нарыққа шығарудың ең маңызды кезеңіне дайындайды – оны қалай және қандай ... Enroll for free.
Course 4: Маркетинг жоспары
- Offered by IE Business School. Өз өніміңіз немесе қызметіңіз туралы идеяңызға маркетинг жоспарын құрыңыз. Бұл курста кез келген бизнес үшін ... Enroll for free.
Course 5: Маркетинг стратегиясы бойынша қорытынды жоба
- Offered by IE Business School. Курстық жұмыс жобасын орындау үшін осы мамандық аясында алған білімдеріңізді пайдаланып, оны тәжірибе жүзінде ... Enroll for free.
Courses
-
Маркетиинг микс негіздері өніміңізді нарыққа шығарудың ең маңызды кезеңіне дайындайды – оны қалай және қандай нарыққа шығарғыңыз келеді? Ол маркетингтің төрт Пи (P) белгісімен (өнім, баға белгілеу, орын және ілгерлету) егжей-тегжейлі таныстырады. Бұл курстың арқасында өз өніміңізге және/немесе қызметіңізге стратегиялық талдау жасайсыз.
Өнім сессиясы бизнес нәтижелеріне жетудегі брендтер мен өнімдердің стратегиялық рөлін түсіну және басқару үшін білім беруге арналған. Ал баға белгілеуде бағаны қалыптастырудың негізгі тұжырымдамалары мен әдістеріне басты назар аударамыз. Мұны өнімді немесе қызметті тарату стратегиясын анықтаудың басты мақсатымен арналар мен бөлшек сауда стратегияларын қарастыратын Пи (P) сессиясының орын дағдыларымен толықтырыңыз. Соңында "Ілгерлету әрекеттері (Коммуникация)" сессиясында қол жетімді әртүрлі коммуникация арналарын зерттеп, медиа-жоспардың, әсіресе әлеуметтік медиа мен көпарналы стратегияға қатысты маңызын түсінетін боласыз.
Профессорлар Мария Тереза Аранзабал мен Фернандо Кортиньяс индустрия мамандарымен сараптама сұхбат құра отырып, маркетинг стратегиясының осы керемет маңызды сатысында сізге бағыт береді. Осы курстан кейін сіз өз өніміңізді қайда және қалай сатқыңыз келетінін шешуге дайын боласыз. -
Курстық жұмыс жобасын орындау үшін осы мамандық аясында алған білімдеріңізді пайдаланып, оны тәжірибе жүзінде іске асыру керек болады. Әр аптада маркетинг стратегиясының түрлі құрамдас бөлшектері қамтылады: нарықты талдау, маркетинг стратегиясы, маркетинг-микс қолдану және күтілетін нәтижелер. Әр аптадағы теориямен танысып, білімді бекітуге арналған тестілер және негізгі ақпаратқа баса назар аударыңыз.
Өтілген материалды қайталаған соң, «Ипсум» қонақүйі: бизнесте қалуға арналған маркетинг және коммуникация стратегиясы деген кейс-стадиді талдайсыз. Енді алған біліміңізді сынап көретін уақыт келді! «Ипсум» қонақүйінің бас менеджері, Рафаэль Эскобедо төмендегі дилеммаға кез болып отыр: сату және табыстылық көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен, Директорлар кеңесінің Рафаэль атқарған жұмысқа көңілі толмайды, олар нәтижелерді жақсартуды талап етуде. Рафаэльдің маркетинг стратегиясын жасақтау енді сіздің қолыңызда. Оның нәтижесі екі түрлі болуы мүмкін: Директорлар кеңесінен мақтау есту… әлде жұмыссыздық!
Курстық жұмыс және талқылау форумдарынан бөлек, осы мамандықтан алған теориялық біліміңізді тексеруге көмектесу үшін тестілер мен жұптық тексеріс тапсырмалары берілген. Ойларыңызды, идеяларыңызды әлемнің әр түкпіріндегі өзіңіз сияқты маркетинг саласында оқып жатқан басқа білім алушылармен бөлісіп, дебаттар жасауыңызға болады. -
Өз өніміңіз немесе қызметіңіз туралы идеяңызға маркетинг жоспарын құрыңыз. Бұл курста кез келген бизнес үшін ең маңызды деуге болатын маркетинг құралын жасауды үйренесіздер. Жай ғана Маркетинг жоспарының қадамдарын үйреніп қана қоймай, әр апта қатарластарыңыз бағалайтын тапсырма орындауыңыз керек болады. Ол жоспардың қысқартылған нұсқасын жасауға көмектеседі. Тапсырма – өз өніміңіздің немесе қызметіңіздің немесе, кәсіби үлгі жасау үшін, Nissan Leaf кейсінің (қосымша оқу материалдарын қараңыз).
Рамон Диас Бернардо – 20 жылдық тәжірибесі бар профессор – сіздерді Маркетинг жоспарының төрт маңызды бөлігімен таныстырады: талдау, маркетинг стратегиясы, маркетинг-микс және күтілетін нәтижелер. Бұл сапарда ол халықаралық маркетинг компанияларының үздік мамандарынан сұхбат алады және түсініктемелер мен талқыламалар үшін қонаққа студенттерін шақырады.
Бұл тамаша және бірегей курс сізге Маркетинг жоспарының басты бөліктерін түсіндіріп қана қоймай, келешек бизнесіңіздің жол картасын жасауға және өз өніміңізді шығарудағы алғашқы қадамдарды жасауға көмектеседі. -
Меркетинг бойынша ізденісіңіз осы жерден басталады! Бұл мамандықтың бірінші курсы жалпы маркетинг стратегиясын сәтті игеру үшін қажет іргетас болады. Екі бөліктен тұрады: Нарықты зерттеу және Тұтынушы мінез-құлқы. Нарықты зерттеу модуліндегі шешім қабылдау мәселелерін зерттеу сұрақтарына айналдыру үшін құралдар мен тәсілдерді игеріңіз. Зерттеу жоспарын қалай құруды, жинақталған деректерді анализдеуді және дәл интерпретациялауды, сондай-ақ нәтижелерді практикалық кеңес түріне айналдыра отырып зерттеу туралы есеп дайындауды үйреніңіз. Сосын ниетін айқындаудан бастап, өнімді сатып алу мен тұтынуына дейінгі маңызды сәттерді белгілей отырып, тұтынушының шешім қабылдау процесіне ден қоясыз. Менеджер ретінде шешім қабылдар сәтте "тұтынушы фокусын" шынайы бейімдей біліңіз, ол үшін тұтынушылардың қалай шешім қабылдайтынын, шешім қабылдау процесінің түрлі кезеңдерінде (олардың жүрегі мен ойында) не болатынын, сондай-ақ осы шешімдерге әсер ететін айнымалыларды анализ жасаңыз. Бұл курс сізді нарық стратегиясын құрмастан бұрын қолда бар өніміңіздің күйін түсінуге қажет біліммен қаруландырады. Маркетинг саласындағы сапарыңыздың негізін қалауға септесетін басқа жер жоқ!
Taught by
Ignacio Gafo, Maria Teresa Aranzabal, Ramon Diaz-Bernardo and Shameek Sinha