Курстық жұмыс жобасын орындау үшін осы мамандық аясында алған білімдеріңізді пайдаланып, оны тәжірибе жүзінде іске асыру керек болады. Әр аптада маркетинг стратегиясының түрлі құрамдас бөлшектері қамтылады: нарықты талдау, маркетинг стратегиясы, маркетинг-микс қолдану және күтілетін нәтижелер. Әр аптадағы теориямен танысып, білімді бекітуге арналған тестілер және негізгі ақпаратқа баса назар аударыңыз.
Өтілген материалды қайталаған соң, «Ипсум» қонақүйі: бизнесте қалуға арналған маркетинг және коммуникация стратегиясы деген кейс-стадиді талдайсыз. Енді алған біліміңізді сынап көретін уақыт келді! «Ипсум» қонақүйінің бас менеджері, Рафаэль Эскобедо төмендегі дилеммаға кез болып отыр: сату және табыстылық көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен, Директорлар кеңесінің Рафаэль атқарған жұмысқа көңілі толмайды, олар нәтижелерді жақсартуды талап етуде. Рафаэльдің маркетинг стратегиясын жасақтау енді сіздің қолыңызда. Оның нәтижесі екі түрлі болуы мүмкін: Директорлар кеңесінен мақтау есту… әлде жұмыссыздық!
Курстық жұмыс және талқылау форумдарынан бөлек, осы мамандықтан алған теориялық біліміңізді тексеруге көмектесу үшін тестілер мен жұптық тексеріс тапсырмалары берілген. Ойларыңызды, идеяларыңызды әлемнің әр түкпіріндегі өзіңіз сияқты маркетинг саласында оқып жатқан басқа білім алушылармен бөлісіп, дебаттар жасауыңызға болады.