Class Central Tips
Меркетинг бойынша ізденісіңіз осы жерден басталады! Бұл мамандықтың бірінші курсы жалпы маркетинг стратегиясын сәтті игеру үшін қажет іргетас болады. Екі бөліктен тұрады: Нарықты зерттеу және Тұтынушы мінез-құлқы. Нарықты зерттеу модуліндегі шешім қабылдау мәселелерін зерттеу сұрақтарына айналдыру үшін құралдар мен тәсілдерді игеріңіз. Зерттеу жоспарын қалай құруды, жинақталған деректерді анализдеуді және дәл интерпретациялауды, сондай-ақ нәтижелерді практикалық кеңес түріне айналдыра отырып зерттеу туралы есеп дайындауды үйреніңіз. Сосын ниетін айқындаудан бастап, өнімді сатып алу мен тұтынуына дейінгі маңызды сәттерді белгілей отырып, тұтынушының шешім қабылдау процесіне ден қоясыз. Менеджер ретінде шешім қабылдар сәтте "тұтынушы фокусын" шынайы бейімдей біліңіз, ол үшін тұтынушылардың қалай шешім қабылдайтынын, шешім қабылдау процесінің түрлі кезеңдерінде (олардың жүрегі мен ойында) не болатынын, сондай-ақ осы шешімдерге әсер ететін айнымалыларды анализ жасаңыз. Бұл курс сізді нарық стратегиясын құрмастан бұрын қолда бар өніміңіздің күйін түсінуге қажет біліммен қаруландырады. Маркетинг саласындағы сапарыңыздың негізін қалауға септесетін басқа жер жоқ!