Class Central is learner-supported. When you buy through links on our site, we may earn an affiliate commission.

OpenWHO

COVID-19 вирусына байланысты инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ)

via OpenWHO

Overview

Бұл курс жаңа коронавирус сияқты респираторлық вирустар пайда болған жағдайда әрекет етуге дайын болу үшін не істеу керектігі, вирус жұққан кезде оны қалай анықтау керектігі, инфекцияның медицина қызметкерлеріне, басқа пациенттерге немесе денсаулық сақтау мекемесіндегі басқа адамдарға одан әрі таралмауы үшін инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ) шараларын қалай дұрыс жүзеге асыру керектігі туралы ақпарат береді.

Оқыту курсы ИПИБ мәселелеріне бағытталғандықтан медицина қызметкерлеріне және қоғамдық денсаулық сақтау саласының мамандарына арналған.

Бұл курс 2020 жылдың маусымынан бері жаңартылған жоқ. Ең соңғы нұсқаулықты курстың ағылшын тіліндегі нұсқасын қараңыз.

Syllabus

Course information

Бұл курсты келесі тілдерде оқуға болады:

English - русский - 日本語 - français - Bahasa Indonesia - Español - Português - Italiano - српски језик - 中文 - македонски јазик - Türkçe - język polski - Tiếng Việt - العربية - Nederlands - Tetun - বাংলা - فارسي - Soomaaliga - සිංහල -ภาษาไทย -தமிழ்

Шолу:

Бұл курста:

  • Эпидемияға, атап айтқанда, COVID-19 салдарынан туындаған жағдайға дайын болу және төтеп беруге дайын болу
  • ДДҰ ұсынған ИПИБ шараларын енгізу жолымен адамнан адамға инфекцияның берілуін шектеу
  • Инфекцияға күдікті жағдайлар мен расталған жағдайларды анықтау, оқшаулау және хабарлау

үшін инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ) мәселелері қарастырылады.

Әрбір модульге қарастырылған мәселелерді толығырақ зерттеу үшін ақпараттық ресурстар қоса тіркелген.

Оқу мақсаттары:

Курсты аяқтаған қатысушы мыналарды меңгеретін болады:

  • ИПИБ анықтау және оның рөлін жалпы дайындықты қамтамасыз ету, жедел дайындық пен қарсы әрекет ету шараларын қабылдау тұрғысынан сипаттау;
  • COVID-19 байланысты ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды, оның ішінде ауру анықтамаларын және белгілері мен симптомдарын сипаттау;
  • инфекция көзіне қатысты бақылау шараларын, әкімшіліктік бақылау шараларын, сондай-ақ қоршаған орта мен инженерлік-техникалық бақылау шараларын сипаттау;
  • денсаулық сақтау мекемелеріне арналған, оның ішінде COVID-19 инфекциясына күдікті немесе расталған жағдайлар пайда болған кезде ДДҰ ұсынатын ИПИБ шараларын сипаттау;
  • медициналық мекеменің жалпы дайындығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін қосымша ИПИБ шараларын сипаттау.

Курстың ұзақтығы: Шамамен 1 сағат.

Сертификаттар: Қатысу туралы сертификат курс материалының 100%-ын аяқтаған қатысушыларға беріледі.

Осы курсты өтіп болған соң COVID-19 вирусына байланысты жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қалай дұрыс тағу және шешу туралы білгіңіз келсе, COVID-19: жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс тағу және шешу атты OpenWHO курсына мына сілтемемен кіріңіз: https://openwho.org/courses/IPC-PPE-EN

Қол гигиенасын қалай дұрыс сақтау қажет екендігін білгіңіз келсе, OpenWHO курсына мына сілтемемен кіріңіз: https://openwho.org/courses/IPC-HH-en

Қазақ тіліне аударылған, Infection Prevention and Control (IPC) for COVID-19 Virus, 2020. ДДҰ осы аударманың мазмұны немесе дәлдігі үшін жауап бермейді. Ағылшын және қазақ тіліндегі аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда, басымдық ағылшын нұсқасына беріледі және түпнұсқасы болып табылады.

Course contents

  • 1 модуль: Дайындықты қамтамасыз ету, жедел дайындық пен ИПИБ:

    Бұл модуль жалпы және жедел дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау шараларына шолуды қамтиды.
  • 2 модуль: COVID-19 вирусы:

    Модуль 2 жаңа коронавирус инфекциясына (COVID-19) кіріспені қамтиды.
  • 3 модуль: COVID-19 вирусына байланысты ИПИБ Стандартты сақтық шаралары, инфекциялардың таралу жолдарына негізделген сақтық шаралары және COVID-19 вирусына байланысты арнайы ұсыныстар:

    Бұл модуль COVID-19 қатысты дайындықты қамтамасыз ету және қарсы күресуге арналған сақтық шараларына шолуды қамтиды.

Reviews

Start your review of COVID-19 вирусына байланысты инфекциялар профилактикасы және инфекциялық бақылау (ИПИБ)

Never Stop Learning.

Get personalized course recommendations, track subjects and courses with reminders, and more.

Someone learning on their laptop while sitting on the floor.