Аннотация: Коронавирустар – бұл қарапайым суықтаудан бастап Таяу Шығыстағы респираторлық синдромы (ТШРС/MERS) және Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС/SARS) сияқты ауыр ауруларға дейін әртүрлі ауруларды тудыратын вирустардың үлкен тобы.
Жаңа коронавирус (COVID-19) 2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Бұл бұрын адамдарда анықталмаған жаңа коронавирус.
Бұл курс COVID-19 және жаңа респираторлық вирустарына жалпы кіріспе жасайды және денсаулық сақтау мамандарына, төтенше жағдай жөніндегі менеджерлерге және Біріккен ұлттар ұйымында, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істейтін қызметкерлерге арналады.
Аурудың ресми атауы материал жасалғаннан кейін берілгендіктен, nCoV туралы кез-келген сөз COVID-19, ең соңғы анықталған коронавирус тудырған жұқпалы ауруды білдіреді.