Class Central is learner-supported. When you buy through links on our site, we may earn an affiliate commission.

OpenWHO

COVID -19 ауруы бар науқастардың клиникалық менеджменті - Жалпы тағылымдар

via OpenWHO

Overview

COVID-19 ауруы бар науқастардың клиникалық менеджменті сериясының бірінші курсы жалпы ойларды қамтиды. Ол пандемия туралы бастапқы ақпарат береді және нысандардың жұмысы мен дайындығы, жолдама жүйелері мен учаскелер арасындағы тасымалдау, инфекцияның алдын алу мен бақылау, пациенттерге паллиативтік көмектің рөлін талқылайды. Бұл курс сонымен қатар COVID-19 емделу кезінде туындайтын этикалық мәселелерді талқылауды қамтиды, оның ішінде медициналық көмек көрсету ресурстарын бөлу бойынша нұсқаулықтар. Жалпы, бұл курс денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде COVID-19 пандемиясына дайындықты қарастырады.

Photo credit: WHO/Netanel Tobias

Syllabus

Course information

Бұл курс келесі тілдерде де қолжетімді:

English - Македонски јазик - Shqip - Bahasa Indonesia - Nederlands - Русский

Шолу: COVID-19 ауруы бар науқастардың клиникалық менеджменті курстар сериясы COVID-19 пандемиясы кезінде медициналық қызмет көрсетушілерге арналған. Курс пациенттерге қауіпсіз, тиімді және сапалы көмек көрсету үшін қажетті қажетті білім береді. Презентациялар клиникалық менеджменттің барлық аспектілерін қамтиды, оның ішінде нысандарлы дайындау мен толқуды жоспарлау; денсаулық сақтау қызметкерлерінің инфекцияларының алдын алу және инфекциялық бақылау; денсаулық сақтау нысандары арасындағы тасымалдау; COVID-19 ауруы бар жеңіл, орташа және ауыр науқастардың клиникалық менеджменті; гериатриялық, жүкті және педиатриялық пациенттерге, COVID-19 ауруы бар науқастарға ерекше назар аудару; оңалту; және этика мен паллиативтік көмек.

Курстар сериясы бейне курстар мен соңғы нұсқаулар және дәлелдермен жаңартылған жүктелетін презентацияларды қамтитын 6 курстан тұрады. Әр модульде 5-8 дәріс бар, және әр дәрісте білімді меңгеруді бағалауға арналған сұрақтар қамтиды.

Егер сіз COVID-19 бар науқастарды клиникалық басқарудың басқа аспектілері туралы көбірек білгіңіз келсе, COVID-19 бар науқастарды клиникалық басқару курсының келесі курстарын қараңыз:

  • Clinical management of patients with COVID-19: Initial approach to the acutely ill patient
  • Clinical management of patients with COVID-19: Investigations and care for mild, moderate and severe disease
  • Clinical management of patients with COVID-19: Rehabilitation of patients with COVID-19

Үйрену мақсаттары:

Бұл курстың соңында қатысушылар білуі керек:

  • COVID-19 пандемиясының даму жолдары мен вирустың негізгі сипаттамаларын салыстыру;
  • нысандарды пандемияға дайындауға, оның ішінде вирустың кенеттен көбеуіне жоспарлауға көмектесу;
  • COVID-19 бар науқастарға күтім жасайтын медицина қызметкерлерінің инфекцияларының алдын алу мен бақылаудың жалпы әдістерін сипаттау және нақты шараларды анықтау;
  • COVID-19 кезінде қолдану үшін ресурстарды бөлудің маңызды мәселелерін шешу үшін этикалық принциптерді қолдану;
  • пандемия кезінде пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын сақтау үшін практикалық құралдарды қолдану;
  • COVID-19 күтіміне қолданылатын паллиативтік көмек әдістерін сипаттау;
  • анықтамалық жүйелердің әр түрін анықтау;

  • субъектілер арасындағы қауіпсіз тасымалдаудың негізгі қағидаларын, соның ішінде SBAR байланыс әдісін қолдануды түсіндіру.

Курстың ұзақтығы:: Бұл курсты меңгеруге шамамен 3 сағат уақыт кетеді.

Сертификаттар: Курсты толық өткені туралы сертификат барлық викториналар бойынша қол жетімді жалпы баллдың кемінде 80% жинаған қатысушыларға қол жетімді болады. Курсқа қатысқаны туралы сертификаты курстық материалдың кем дегенде 80% игерген қатысушылар үшін де қол жетімді. Жетістік туралы жазбаны алған қатысушылар осы курс үшін Ашық белгіні жүктей алады. Қалай болатынын білу үшін мына жерді басыңыз.

Қазақ тіліне аударылған Clinical management of patients with COVID-19: General considerations. ДДҰ осы аударманың мазмұнына немесе дұрыстығына жауапты емес. Ағылшын тілі мен қазақша аудармасы арасында қайшылықтар болған жағдайда, түпнұсқа ағылшын тіліндегі нұсқасы міндетті және түпнұсқа нұсқасы болып табылады.

Course contents

  • 1-модуль: COVID-19 ауруына кіріспе:

    Модульдің мақсаттары:: COVID-19 ауруының таралу жолдарын түсіндіру; COVID-19 инфекциясының клиникасы және белгілерін танысу; Ауыр аурудың пайда болу қаупінің факторларын тізімдеу: Жеңіл, орташа, ауыр және аса ауыр COVID-19 ауруының клиникалық белгілерін анықтау; COVID-19 пандемиясы кезінде денсаулық сақтау жүйесіне жүгінетін COVID-19 ауруынан емделушілерге емдеу схемасын қолдана білу.
  • 2-модуль: COVID-19 індетінің толқуын жоспарлау:

    Модульдің мақсаттары: Пандемияға дайындық жоспарының негізгі принциптерін анықтау; Толқу жоспарының «Төрт S» тізімін келтіру; Толқу кезінде мүмкіндіктерді арттырудың деңгейлік тәсілін сипаттау; COVID-19 індетінің толқуы кезінде әр түрлі сценарийлер бойынша жоспарлауды талқылау.
  • 3-модуль: COVID-19 ауруы бар науқастарға күтім жасайтын медицина қызметкерлерінің ауруды жұқтыруының алдын алу және бақылау:

    Модульдің мақсаттары: COVID-19 ауруы бар науқастарға күтім жасау кезінде медицина қызметкерлерінің инфекциясының алдын алу мен бақылаудың (IPC) жалпы принциптерін талқылау; Әкімшілік және инженерлік бақылау IPC-ті енгізуде қалай әсер ететіні туралы сипаттау; COVID-19 ауруы бар науқастарға күтім жасау кезінде ауруханада жүргізілетін нақты шараларды сипаттау .
  • 4-модуль: COVID-19 пандемиясы кезінде оңтайлы күтімнің этикалық принциптері:

    Модульдің мақсаттары: Пандемия мен апаттарға дайындықтың маңыздылығын талқылау; Пандемия немесе басқа апат кезінде сұрыптау мәнмәтінің қалай өзгеруі мүмкін екенін сипаттау; Адам құқықтарының құрылымы мен әділдік пен денсаулық принциптерін түсіндіру; Пандемия немесе апат кезінде қолданылатын сұрыптау бойынша ұсыныстарға этикалық принциптерді қолдану.
  • 5-модуль: COVID-19 кезінде сапалы медициналық көмек көрсету:

    Модульдің мақсаттары: COVID-19 ауруымен науқастарды тиімді емдеу үшін медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын мойындау; COVID-19 ауруына уақытында ден қою және сауығу кезіндегі негізгі медициналық қызметтердің сақталуын қолдау үшін медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын түсіну; Медициналық көмек көрсету сапасының принциптерін айтып беру; COVID-19 контекстінде медициналық көмек көрсету сапасын қалай жақсартуға болатынын сипаттау; COVID-19 контекстінде қолдануға болатын практикалық сапа құралдарын анықтау.
  • 6-модуль: COVID-19 ауруындағы паллиативтік көмек:

    Модульдің мақсаттары: Паллиативтік көмекке анықтама беру; Паллиативтік көмек қашан көрсетілуі керек екенін талқылау; Паллиативтік көмектің негізгі араласуларына мысалдар келтіру; Паллиативтік көмек пен өмірінің соңындағы күтімді ажырату
  • 7 -модуль: Ауыр науқасты тасымалдау және ауыстыру:

    Модульдің мақсаттары: Медициналық жолдама жүйелерінің әр түріне сипаттама беру; Науқасты ауыстырудың кезеңді тәсілін әзірлеу; Жағдай, анықтамалық ақпарат, бағалау, ұсыныс (SBAR) құралын еске түсіру және қолдану.

Reviews

Start your review of COVID -19 ауруы бар науқастардың клиникалық менеджменті - Жалпы тағылымдар

Never Stop Learning.

Get personalized course recommendations, track subjects and courses with reminders, and more.

Someone learning on their laptop while sitting on the floor.