Class Central is learner-supported. When you buy through links on our site, we may earn an affiliate commission.

University of Illinois at Urbana-Champaign

Командаларға жетекшілік ету: тиімді команда мәдениетін құру

University of Illinois at Urbana-Champaign via Coursera

This course may be unavailable.

Overview

Save Big on Coursera Plus. 7,000+ courses at $160 off. Limited Time Only!
Берілген базалық курста тиімді команда мәдениетін құру идеясын жан-жақты қарастырасыз. Тиімді команда жасауға негіз болатын команда мәдениетінің түрлі аспектілерімен танысасыз. Қауіпсіздік, жұмысқа қызығу мен өсу мәдениеті жайлы көп нәрсе үйренесіз. Нәтижесінде тиімді командалық жұмысқа негіз болатын мәдениет қалыптастырасыз.

Бұл курс Гис бизнес колледжінің iMBA (айЭмбией) мен iMSM (айЭмэсэм) қоса алғандағы онлайн бағдарламаларының бір бөлігін құрайды. Бұл бағдарламаларға жазылу жайлы, сондай-ақ дәреже алу бағдарламасына қабылданған жағдайда, Курсерадағы жұмысыңыз қалай
пайдаланылатыны жайлы мына жерден біле аласыз: https://degrees.giesbusiness.illinois.edu/idegrees/.

Syllabus

  • КУРСТЫ ТАНЫСТЫРУ
    • Курспен, курстастарыңызбен, білім алатын ортамен танысасыз. Сонымен қатар таныстыру бөлімі курсқа керек техникалық дағдыларды үйренуге көмектеседі.
  • 1-МОДУЛЬ: КОМАНДА МӘДЕНИЕТІ: АНЫҚТАЛҒАН
    • Тиімді команда құру көбіне мәдениеттің екіұшты әрі күрделі тұжырымдамасын түсінуден басталады. Бұл модульде сіз мәдениет тұжырымдамасымен, сондай-ақ оның тиімді командалық жұмысты ұйымдастырудағы маңызымен танысасыз. Сонымен қатар, курстың қалған бөлігінде оқуыңызға бағыт-бағдар беретін тиімді командалық жұмыс принциптерінің үлгісін меңгересіз. Ал соңында жетекшілік ету бойынша сарапшылар тобының тиімді мәдениеттерді қалыптастыруда командаларды басқару туралы пікірлерімен танысасыз.
  • 2-модуль: ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТТЕРІ
    • Команда мүшелері өздерін қауіпсіз сезінетін, яғни қиын мәселелерді ортаға салып, күрделі идеяларды бірге зерттей алатын мәдениетті дамыту – тиімді командалық жұмыстың негізі. Бұл модульде сіз командалар мен ұйымдарды зерттеудегі ең маңызды жетікстіктеріміздің бірі - соңғы жылдары қалыптасқан психологиялық қауіпсіздік идеясымен танысасыз. Сондай-ақ әртүрліліктің, теңдіктің, инклюзияның және тиістіліктің маңыздылығын және осы элементтерді командаларда қалай дамыту керегін үйренесіз. Содан кейін мұның этикалық мәдениеттерді, яғни этикалық шешім қабылдауды жеңілдететін мәдениеттерді құруға қалай байланысты екенін зерттейсіз. Соңында, қауіпсіздік мәдениетін тиімді басқару үшін иерархияда қалай жұмыс істеу керегін жақсырақ түсініп, командаларға тән иерархияның қиындықтарын саралайсыз.
  • 3-МОДУЛЬ: ЖҰМЫСҚА ҚЫЗЫҒУ МӘДЕНИЕТТЕРІ
    • Тиімді командалар адамдардың жұмысқа, командаға қызығуын талап етеді. Бұл модульде жұмысқа қызығу мәдениеттерін құруға қатысты басты қағидаттармен танысасыз. Мотивация идеясын және оның жұмысқа қызығушылыққа қандай байланысы барын зерттейсіз. Ларри Гистің өз аузынан мақсаттың құндылығын және неге мақсаты бар командалар нақты мақсаты жоқ командалардан асып түсетінін естисіз. Бүгінде командадағы көптеген адамда кездесетін эмоционалды шаршауды қалай азайтуға болатынын үйренесіз. Қорыта келе, мағыналы жұмыс тұжырымдамасы және мағыналы жұмыстың жұмысқа қызығу мәдениетіне қалай ықпал ететіні туралы білесіз. 
  • 4-Модуль: ӨСУ МӘДЕНИЕТТЕРІ
    • Бұл модульде өсу мәдениетін жеңілдететін үш негізгі элементті зерттейсіз. Оқу және өзгеріс бар жерде, өсу де болады, командалық мәдениеттеріміз үшін өсу ой-өрісін ұстану маңызды, өйткені біз заманауи әлемдегі қиындықтармен күресіп жатырмыз. Әуелі сіз мәселелерді шешу мәдениетінің құндылығымен танысасыз және әрбір адамның ой-өрісі мәселелерді тиімді шешуге бағытталған мәдениетті қалай құру керегін үйренесіз. Сосын креативтілік идеясын және өз командаңызда креативтілік сезімін қалай қалыптастыру керегін зерттейсіз. Соңында, сөзсіз өзгеріс элементін қалай үйрену керегін зерттеу үшін күрделілік теориясын қолданасыз.

Taught by

Denise Lewin Loyd

Reviews

Start your review of Командаларға жетекшілік ету: тиімді команда мәдениетін құру

Never Stop Learning.

Get personalized course recommendations, track subjects and courses with reminders, and more.

Someone learning on their laptop while sitting on the floor.