Бұл курста төрт модуль бойынша кәсіпкерлік венчурлық процестің бастапқы кезеңдері зерттеледі. Модульдерде кәсіпкерлік ортадағы өсу мен олқылық сипаты және сол ортадағы ресурстарды қалай басқару керегі қарастырылады. Бұған қоса, модульдерде кәсіпкерлік мүмкіндіктердің пайда болуы, сол мүмкіндіктер төңірегінде идеяларды тұжырымдау және мүмкіндіктер мен идеялардың кәсіпкерлік құбылыстарға қалай әсер ететіні зерттеледі. Соңында, курста бизнес-концептілер кәсіпорынның бизнес моделі эволюциясын және болашақ стратегиялық жоспарлауды басқаратын маңызды кәсіпкерлік миссияларды қалай негіздейтініне зер салынады. Осылайша, сіз кәсіпкерлік процесс туралы негіз болатын түсінік қалыптастырасыз. Өсу мен олқылық арасындағы байланысты саралайсыз. Нақты мүмкіндіктер кәсіпкерлік құбылыстарға қалай әсер ететінін түсінесіз. Бұл курс – Гис (Gies) бизнес колледжінің халықаралық Эмбиэй (MBA) және халықаралық Эмсиэм (MSM) сияқты онлайн бағдарламалар жиынтығының бір бөлігі. Бұл бағдарламаларға жазылу жайлы, сондай-ақ дәреже алу бағдарламасына қабылданған жағдайда, Курсерадағы (Coursera) жұмысыңызды қалай пайдалануға болатыны жайлы мына жерден біле аласыз: https://degrees.giesbusiness.illinois.edu/idegrees/.
Кәсіпкерлік І: кәсіптің негізін қалау
University of Illinois at Urbana-Champaign via Coursera
This course may be unavailable.
Overview
Syllabus
- Курстың бағдары
- Сіз курспен, сыныптастарыңызбен, білім алатын ортамен танысасыз. Курс бағдары сонымен қатар курсты өтуге қажет техникалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.
- Модуль 1: Кәсіпкерлікке кіріспе
- Бұл модуль инноватор өзінің кәсіпкерлік әлемін қалай бастай алатынына бағытталған.
- 2-Модуль: Нарықты меңгеру
- Бұл модуль кәсіпкерлердің жаңа кәсіпорын ашу мүмкіндігін тұтынушыларға бағытталған құндылық ұсынысына қалай айналдыра алатынын зерделейді.
- 3-Модуль: Команда құру
- Бұл модуль кәсіпкерлерге топты қалай құруға және ынталандыруға болатынын зерделейді.
- 4-модуль: Тұтынушыларды табу
- Бұл модуль тұтынушыларды табуға бағытталған.
Taught by
Thomas E. Parkinson