Class Central is learner-supported. When you buy through links on our site, we may earn an affiliate commission.

University of California, Irvine

21-ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынас

University of California, Irvine via Coursera

This course may be unavailable.

Overview

Жұмыс орны бұрынғыдай емес, бір-біріне ұқсамайды.. Әлем халқының саны өскен сайын біздің байланысымыз да арта түседі. Түрлі буын өкілімен, тәжірибесі, мәдениеті, жынысы, ориентациясы және діні бір-біріне ұқсамайтын әріптестермен жұмыс істеу қалыпты жағдайға айналуда. Әртүрліліктің артуы мен қашықтан немесе гибридті жұмыс істеу тәсіліне көшу қарым-қатынастың тиісті стратегиясы мен әдістемесін жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. Бұл курс команда нәтижесін ғана емес, сондай-ақ, түрлі ортаға жататын әріптестермен байланысты арттыру үшін өзіңізге жақын қарым-қатынас стиліңізді анықтап, бейімдеуге үйретеді.

Осы курстың соңында сіз:

1. Өзіңізге жақын қарым-қатынас стиліңіздің анықтайсыз;
2. Қарым-қатынас тиімділігін арттыруға көмектесетін әдістерді сипаттап бере аласыз;
3. Демографияның өзгеруі жұмыстағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін талқылайсыз;
4. Жұмыстағы бес буын мен олардың қарым-қатынастың қай түрін қалайтынын ажыратып
бере аласыз;
5. Түрлі жұмыс ортасына тән бетпе-бет, виртуалды немесе гибрид кездесу сияқты қарым-
қатынас түрінің артықшылығын анықтайсыз;
6. Түрлі жұмыс күшімен қарым-қатынасқа енудің тиімді тәсілдерін талқылайсыз;
7. Жұмыстағы командамен дұрыс тіл табыса алу үшін қарым-қатынасты бейімдей білу
стратегиясын қолданасыз.

Syllabus

  • Сізге қандай қарым-қатынас тәсілі ұнайды?
    • 21 ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынасқа қош келдіңіз. 21 ғасырға тән қарым-қатынас көптеген өзгерістерге толы: әлем халқының өсуі, технология көмегімен байланыстың артуы, ғылым мен медицинадағы жетістіктер. Осылайша өзгеріп жатқан әлемде жақсы коммуникант болудың негізгі стратегиясы ретінде алдымен өзіңізге ұнайтын қарым-қатынас стилі мен преференцияңызды және оны жұмыста қалай қолданатыныңызды анықтауды айтуға болады. Бұл модульде сіз күш-жігерді, ақпаратты қайдан аласыз, шешімді қалай қабылдайсыз және қалай өмір сүргенді қалайсыз дегенді қарастыратын боламыз. Активитилердің көмегімен біз MBTI бағалауы мен жеке стильдердің артықшылығы туралы айтамыз. Біліміңізді тексеру үшін MBTI-дің төрт категориясын, қарым-қатынас тиімділігін арттыру әдістерін анықтай білуіңіз керек.
  • Қарым-қатынасты өзгертетін драйверлерді басқару
    • 21 ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынасқа технологиялық жетістіктер, қашықтан немесе гибрид жұмыс істеу мүмкіндігі, жұмыс күшінің түрлі этника және буын өкілдерінен тұруы сияқты көптеген факторлар әсер етеді. Бұл модульде біз қарым-қатынасты өзгертетін драйверер туралы айтып, демографияның өзгеруі жұмыстағы қарым-қатынасқа қалай әсер ететінін талқылаймыз. Білімді тексеру бөлімінде бес буын өкілдерінің айырмашылықтары мен түрлі жұмыс орынындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін атап көрсетеміз.
  • Қарым-қатынасты бейімдеу
    • Хабарламаңызды анық, тиімді жеткізу тиімді қарым-қатынас белгісі. Басқалардың ойын түсіну үшін хабарламамызды басқалардың стиліне бейімдеу ешқандай да нақтылықты қажет етпейтін тиімді қарым-қатынасқа жол ашады. Стиліңізді бейімдеу де басқалармен бірлесе жұмыс істеуіңізге жол ашады. Бұл модульде жұмыстағы командамызбен дұрыс тіл табысу мақсатында қарым-қатынасты бейімдеу стратегиясын іске асыру үшін талқылауларымызға сүйенеміз. Білімді тексеру бөлімінде біз қарым-қатынасты бейімдеу артықшылығы мен қарым-қатынасты арттыру стратегияларын еске түсіретін боламыз.
  • Қарым-қатынасты арттыру
    • A.B.I.D.E. үлгісі тиімді қарым-қатынасқа қолдау білдіріп, 21 ғасырда тиімді қарым-қатынас жасап, бірлесе жұмыс істеуге қажет нақты, тиімді элемент ретінде пайда болды. Бұл модульде қарастырылған бес мінез-құлық түрі жұмыстағы қарым-қатынасты қолдайды және бағыт-бағдар береді. Бұл модульде біз A.B.I.D.E.-тың қай элементі қазіргі командаңыздың қарым-қатынасын арттыратынын талқылаймыз. Білімді тексеруге арналған соңғы бөлімде біз A.B.I.D.E. элементтерін атап көрсетіп, A.B.I.D.E. үлгісі қарым-қатынасты қалай арттыратынын қарастырамыз.

Taught by

Diane Spiegel

Reviews

Start your review of 21-ғасыр жұмыс орнындағы қарым-қатынас

Never Stop Learning.

Get personalized course recommendations, track subjects and courses with reminders, and more.

Someone learning on their laptop while sitting on the floor.